Біз туралы


Балалар мен олардың ата-аналарының  атынан көмек көрсеткен әр азаматқа алғысымызды білдіреміз!  

 

Құрметті Достар, қордың қызметі де, біздің күш-жігеріміз де Сіздердің қолдауларыңызсыз мүмкін болмаушы еді. Барлық игі іс Сіздердің арқаларыңызда ғана атқарылып жатыр.  Тамшылап аққан су көлге айналады демекші, жасаған қайырымдылықтарыңыз миллондарға айналып, Балаларға Өмір Сыйлауда.

 

Біздің Қор 3 бағытта жұмыс істейді:

1.  «Балаларға өмір сыйла» тұрақты жобасы – Қазақстанда емделмейтін ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге қаражат жинау және емханалар іздестіру. Бұл жоба бірінші кезекте еліміздегі денсаулық сақтау саласын мемлекеттік деңгейде жүйелі түрде өзгертуге бағытталған. Осы орайда жоба аясында отандық дәрігерлерді ең жаңа медициналық технологияларға бейімдеу бойынша мастер –класстар өткізу,  шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыру, жоғары білікті мамандарды тарта отырып, түрлі проблемалық бағытты талдау сияқты жұмыстар жүргізіледі.

 

2. «Аутизмді Жеңеміз!» жобасы – АСБ шалдыққан балаларға мамандандырылған көмек көрсету мен әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз етудегі жүйелік өзгерістерге бағытталған.  «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының қолдауымен Жоба аясында Алматы қаласында  АСБ шалдыққан балаларға кешенді көмек көрсететін «Аутизмді жеңеміз!» Орталығы қызмет етуде.

 

3. «Қазақстан – жетімі жоқ ел» жобасы  ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында өсу және тәрбиелену құқығын барынша арттыру мақсатында мемлекеттік қамқорлыққа алу жүйесін өзгертуге бағытталған. Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстан Республикасындағы жетім балалардың ашық мәліметтер базасы жұмыс істейді.

Тарихы 

 

 «Добровольное Общество Милосердие» Қоғамдық Қоры 2006 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. 

«ДОМ» Қоғамдық Қорының негізін еріктілер, бір-бірімен «Центр тяжести» интернет-форумында танысқан қарапайым қазақстандықтар қалаған болатын.

Біз 2005 жылдың көктемінде Алматы Сәбилер үйінің БЦП шалдыққан балаларына ортақтасып шарлы бассейнін сатып бергеннен кейін басқа  балалар үйлерімен де дос болып кеттік.  

Отбасылық Балалар Үйінің қамқорлығындағы баланың бірі Педиатрия және Балалар хирургиясы ҒЗИ түскенде, Біз осы мекемемен серіктестік орнатып,  ауру бүлдіршіндерге көмектесуге бағытталған қызметімізді бастадық. «Центр тяжести» интернет-форумындағы «Қайырымдылық» бөлімінде қатысушылардың саны үнемі өсіп отырды, сәйкесінше игі істер саны да артты.

Форум мүшелері үнемі қан құюды қажет ететін қан ауруларынан зардап шеккен балаларға көмектесу үшін www.donor.kz сайтын құрды. Осындай бір реттік қайырымдылық акциялардан болашақта тұрақты жобалар құрылды.

Қордың басты міндеті – КӨМЕК КӨРЕСТКІСІ КЕЛЕТІНДЕР мен КӨМЕККЕ МҰҚТАЖДАР арасында «байланыс дәнекері» болу. Жасыратыны жоқ, кейде адамдар мүмкіндігінше игі іс жасағысы келеді: қаржылай, қызметтермен, өз қолымен немесе кәсіби біліммен.

Алайда олардың көпшілігі өз мүмкіндіктерін ҚАЛАЙ іске асыруды білмей жатады.  Көбінесе адамдар басқаның көмегінсіз шешілмейтін тығырыққа тіреліп, не істерін білмей дал болады.  

Бүгінгі күні қалай және не істегісі келетінін нақты тұжырымдай алатын адамдар немесе компаниялар қорға жүгінген кезде,  біз оларға дәл қазір осы көмекке кім мұқтаж  екенін айта алатынымызға өте қуаныштымыз.

Телефон: 8 (727) 267 66 46
Факс: 8 (727) 267 66 46
Қордың E-mail: info@detdom.kz

Мекенжай:  Алматы қ-сы, Наурызбай батыра к-сі, 65үй, 102 кеңсе.

Сіздерге пайдалы болуға ризамыз!

 Баланың еміне көмек көрсету мәселесі бойынша қорға жүгіну алдында «Қорға жүгіну» бетіндегі ақпаратпен толық танысып шығуыңызды сұраймыз.