Аутизмге шалдыққан балалары бар ата -аналардың қауымдастығы
«Аутизмді жеңеміз!» жобасы
Алматыда орналасқан орталық аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс жасайды
Байланыс: Саяра Михрамова, +7 707 530 83 86
AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық қауымдастығы
Қауымдастық аутизммен шалдыққандармен жұмыс жасайтын қорлар мен ұйымдарды біріктіреді
Төрайымы - Нұргүл Балтабайқызы
https://ainar.org/oipyul-nacional-naya-associaciya-autism-kazakhstan
«АРДИ» мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының қауымдастығы
«АРДИ» 1991 жылдың желтоқсан айында ынталы ата-аналардың күш-жігерімен ашылды. Бұл ата-аналарды ортақ тағдыр мен балаларына көмектесуге деген ниет біріктірген еді. «АРДИ» - Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға арналған бірінші ҮЕҰ.
2018 жылы «АРДИ» қаудастығының жанынан «церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға қарқынды реабилитация және ерте араласу орталығы» ашылды.
Орналасқан жері: Алматы қаласы
Муковисцидозға шалдыққан балалардың ата -аналарының қоғамдастығы
Қоғамның төрайымы: Индира Избасарова
Орналасқан жері: ата-аналар тобы бірнеше қалада жұмыс істейді. Толық ақпаратты төрайыммен хабарласып білуге болады.
«Кең Жүрек» қоғамдық қоры
Қазақстандағы эпилепсия мәселесін көтеріп жүрген бірінші коммерциялық емес ұйым.
Қор директоры - Светлана Киричкова
kenzhurek@gmail.com
«Өмірге сен» қоғамдық қоры
Жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған балалардың ата-аналарының қауымдастығы.
Қор директоры: Сабиля Шугелова
Facebook-тегі қауым: https://www.facebook.com/groups/omirgesen
«ҚР диабет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
Ұйымның міндеті: диабетке шалдыққан балалардың құқықтарын қорғау
Қауымдастық президенті: Руслан Закиев
ruslan@zakiev.kz
«Көбелек балалар» қоғамдық қоры
Қор буллезді эпидермолиз диагнозы қойылған балаларға жәрдемдеседі
Жетекшісі: Бақыт Байғалиева
АИВ балалардың ата-аналарының қоғамдастығы
Ұйымның міндеті: АИВ жұқтырған балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ АИВ-ның алдын алуға қатысатын адамдардың санын арттыру
Орналасқан жері: ата-аналар тобы бірнеше қалада жұмыс істейді. Толық ақпаратты төрағаға хабарласып білуге болады.
Facebook-тегі қауым
Миастения Гравис диагнозы қойылған науқастардың бейресми қоғамдық бірлестігі
Жетекшісі: Анар Иманбекова
«Жаңа өмір» мукополисахаридоз (МПС) ауруына шалдыққан балалардың ата-аналарының қоғамдастығы
Ұйымның міндеті: МПС ауруына шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ақпараттық және құқықтық көмек көрсету
Қор директоры - Самат Рамазанов: +7 775 101 49 44
Жалпы чатқа қосылу үшін С. Рамазановқа хабарласыңыз
«Күн Бала» қоғамдық қоры
«Күн Бала» Даун синдромымен туылған балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету» Қоғамдық қорының негізі Даун синдромымен туылған балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған бірнеше отбасының қатысумен қаланды және бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша Даун синдромы бар адамдардың мүддесін қорғайтын бірінші және бірегей орталық болып табылады.
Орналасқан жері: Алматы қаласы
Қазақстандағы Дағдарыс орталықтарының одағы
Қызметі гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрін болдырмау және түбірімен жоюға бағытталған іс-шараларды дамытуға, қоғамда зорлық-зомбылықсыз қатынастар құндылықтарына негізделген мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үкіметтік емес ұйым. Одақ Қазақстанның 11 аймағындағы 16 ұйымды біріктіреді.
Анықтама телефоны: 150