«Добровольное Общество «Милосердие» Қоғамдық қоры
Біздің қор өмірдегі қиын жағдайға тап болған Қазақстандағы балаларға 18 жыл бойы жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді:
• күрделі ауруларға шалдыққан және түрлі мүгедектігі бар балаларға;
• аутизмге шалдыққан балаларға;
• жетім балаларға;
• зорлық -зомбылықтан зардап шеккен балаларға.
Біз Қазақстандағы ең ірі қайырымдылық қоры болып табыламыз. Жобалар шеңберінде орталық және аймақтық атқарушы және заң шығарушы органдармен, сондай-ақ ҮЕҰ -мен жұмыс істейміз.
«Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасы
Қазақстанда емделмейтін күрделі ауруларға шалдыққан балаларға көмектесеміз. Ол үшін емге қаражат жинап, емханалар іздестіреміз.
18 жылдың ішінде түрлі ауыр дертке шалдыққан 2 570 бала аман қалды. Қайырымды адамдардың арқасында балалардың еміне 5 790 178 998 теңге жиналды. Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытып, күрделі ауруларды елде емдеуге мүмкіндік жасау. Осы орайда шетелдік білікті мамандарды тартып, отандық дәрігерлерге мастер-класс өткіземіз, сонымен қатар, қазақстандық дәрігерлерді шетелдік клиникаларға оқуға жібереміз.
«Қазақстан – жетімі жоқ ел» жобасы
Жетім қалған балаларға отбасын іздестіру. 2011 жылы жетім балалардың ашық мәліметтер базасы іске қосылды. Осының арқасында 1000 -нан астам бала отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
Отбасына орналастыру мәселелері бойынша кеңес беріп, асырап алушы ата-аналарға құқықтық қолдау көрсетеміз.
«Аутизмді Жеңеміз!» жобасы
Бүгінгі күні Аутизм бүкіл адамзат алдында тұрған мәселе. «Аутизмді Жеңеміз!» жобасы – аутист балаларға көмектесу үшін ата -аналар мен мамандардың ынтымақтастық үлгісі. Жобаның принципі - балаға ғана емес, ең бастысы Отбасына көмектесу. Себебі аутизмге шалдыққан бала мамандармен немесе тьюторлармен емес, Отбасымен бірге тұрады. Сондықтан отбасымен жұмыс істеу өте маңызды.
Басты мақсатымыз - аутизмге шалдыққан балаларға мамандандырылған көмек көрсетіп, әлеуметтік бейімделуді қамтамасыз ету.
Осы орайда «Аутизмді жеңеміз!» жобасы бірнеше бағытта жұмыс істейді:
Құқықтық көмек көрсету
Біз балаларға түрлі мәселе бойынша құқықтық қолдау көрсетеміз:
• Жетім балаларға тұрғын үй мәселесі бойынша;
• Зорлық -зомбылық, оның ішінде жыныстық зорлық;
• басқа қиын өмірлік жағдайлар.
Мұндай жағдайларда біз балаларға құқық қорғау органдарына жүгінуге, адвокаттардың ақысын төлеуге, тергеу мен сот кезінде қауіпсіз тұрғын үй жалдауға көмектесіп, қажетті медициналық және психологиялық қолдау ұйымдастырамыз.