
2020 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № ҚР ДСМ-46/2020 бұйрығына қол қойды.
Бұйрықты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері бойынша үйлестіруші орган - комиссияның жұмыс органы деп анықталғын.
Жұмыс органы жыл қорытындысы бойынша шетелдік медициналық ұйымдарға тәжірибе, емдеу тиімділігі, елдер бөлінісінде емдеудің неғұрлым оңтайлы құнына және нозологиялар бойынша талдау жүргізеді.
Жұмыс органы жүргізілген талдау негізінде ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін келісу және бекіту үшін комиссияға жібереді.
Жұмыс органы 1 (бір) күнтізбелік жылға шетелдік медициналық ұйыммен нозология бойынша бағалар прейскурантымен бекітілген стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасады.
ҚР азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емдеуге жіберу жөніндегі комиссияны уәкілетті орган (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі) құрады.
Комиссияның құрамына (ауыстыру құқығынсыз) уәкілетті органның өкілдері, бейінді мамандықтар дәрігерлері, түрлі ауру кезінде азаматтарға көмек көрсету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды (әдетте 15).
Комиссия қызметіне басшылықты комиссияның отырыстарында төрағалық ететін комиссия төрағасы (әдетте бұл - денсаулық сақтау вице -министрі ), ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары жүзеге асырады.
Комиссияның ұйымдастыру қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. (комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ). Оның функцияларын уәкілетті органның маманы орындайды. Комиссия хатшысы комиссия отырысына дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күн бұрын Комиссия мүшелеріне пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы шетелдік клиникалар ұсынған емдеу бағдарламасын электрондық пошта арқылы жібереді.
Комиссия отырысы тікелей, сондай-ақ онлайн бейнеконференця байланысы арқылы өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі комиссия отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі электрондық нысанда хаттамамен ресімделеді және Комиссияның барлық мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе қолдардың түпнұсқаларымен қағаз жеткізгіште қол қояды.