Құрметті ата -аналар, «Балаларға өмір сыйла» тұрақты жобасының шарттарымен және көмекке жүгіну хатымен бірге ұсынылуы қажет құжаттардың тізімімен танысып шығыңыздар.
«Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасы арқылы біз Қазақстанда емделмейтін ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесеміз.
Мұндай жағдайларда біз емханалар іздестіреміз, емге қаражат жинаймыз, ата -аналарға мемлекеттік квотаға қалай жүгіну керек екені жайлы кеңес береміз. Біз тек қайырымдылықпен келген қаржымен жұмыс жасаймыз, бізде мемлекеттік қаржыландыру жоқ, сондай-ақ, өкінішке қарай, біз бәріне бірдей көмек көрсете алмаймыз. Біз елімізде ауру емделмеген жағдайда ғана көмек көрсете алатынымызға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ортақ ережелерден ерекшелік жасай алмаймыз, өйткені біз үшін барлық баланың өмірі маңызды.
Егер жағдайыңыз «Балаларға өмір сыйла» тұрақты жобасының шарттарына сәйкес келсе, баланың құжаттарын жұмыс жасап жүрген барлық емханаға жібереміз, бұл - Ресей, Беларусь, Оңтүстік Корея, Түркия мен Үндістандағы емханалар. Содан кейін сіз бен біз ұсынылған емнің жолдары мен шығындардын салыстырамыз.
Қор қайырымдылықты мүмкіндігінше тиімді пайдалануға мәжбүр. Сондықтан ұсынылған емнің сапасы бірдей болған жағдайда, ең төмен баға көрсеткен клиниканы таңдауды талап етеміз. Баланың емінің құнына емхананың барлық шығыны кіреді - дәрігердің жұмысы мен дәрі -дәрмектердің бағасынан бастап, палатада тұру және тазалаушының жұмысына дейін.
Осылайша, мәселен, Германия, АҚШ немесе Израиль сияқты елдерде емделудің жоғары бағасы медициналық көмектің жоғары сапасымен емес, басқа қызметтің қымбаттығына байланысты. Ал егер біз жиналған сомаға бір емес, екі балаға көмек көрсете алатын болсақ, солай жасауымыз керек.
Біз емнің ақшасын ғана төлейміз. Бұл барлық медициналық қызметті, сондай –ақ, баланың және оның жанында еріп жүретін бір адамның емханада тұруын / тамақтануын қамтиды.
Қамтылмайды: авиабилеттер, виза шығындары және амбулаторлық ем.
Ата –аналардың қолына нақты ақша берілмейді. Біз емханамен келісімшарт жасаймыз, баланың емінің ақшасы банктік аударым арқылы тікелей емханаға жіберіледі. Себебі клиникамен жасалған келісімшарт жауапкершіліктің кепілі болып табылады. Сонымен қатар, ем аяқталғаннан кейін емхана бізге атқарылған жұмыстар актісін немесе нақты жұмсалған қаражатқа шот -фактура береді.
МАҢЫЗДЫ! Өз бетіңізбен қаражат жинап жатқан болсаңыз:
1) Жиналған сома туралы бізге хабарлауды, сондай -ақ алымдар жайлы ашық түрде жариялауды сұраймыз.Балаңызға көмектесуге дайын адамдардың алдында жиналған қаржы туралы есеп беру - сізге деген сенімді нығайтады.
2) Егер сіз билеттер мен емнің бір бөлігін төлеуге жеткілікті ақша жинаған болсаңыз, бізге қажетті соманың аз бөлігін жинап беру ғана қалады. Осылайша біз күш -жігерімізді басқа балаларға қаржы жинауға бағыттай аламыз.
3) Егер қажетті сома толық көлемде жиналған болса, біз өз бетіңізбен қаржы жинауды доғаруды талап етеміз. Бұл әрекет адамдарға өз қайырымдылығын көмекке мұқтаж басқа балаларға бағыттауға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, кейбір ата -ана баланың еміне жиналған қаражатты басқа мақсаттарға жұмсауға болады деген ойда, ал біз бұны әдепсіз қылық деп санаймыз.
«Балаларға өмір сыйла» тұрақты жобасы бойынша көмекке жүгінуге қажетті құжаттар тізімі
1. Өтініш хат
Өтініш хат – қазақ тілінде жазу үлгісі.docx
Біз сізге көмектесу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасауға тырысамыз. Ол үшін сіз бізге жағдайыңызды толық сипаттайтын хат жазуыңыз қажет: яғни, бала қашан ауыра бастады, аурудың алғашқы белгілері, қайда тексерілді / емделді, нәтижелері қандай, бүгінгі күні дәрігерлер не дейді. Біз бұл хатты медициналық құжаттармен бірге шетелдік клиникаларға жібереміз, мұндай толық ақпарат дәрігерлер үшін өте маңызды.
Хат шынайы болуы керек. Біздің міндетіміз – жағдайыңызды мүмкіндігінше көмектесуге дайын көпшілікке паш ету. Сіздің хатыңыз бізге ғана емес, сонымен қатар балаңыздың еміне қаражат бөлетін адамдарға жүгіну болып табылады. Сондықтан жолдаған хатыңыз әсерлі ғана емес, тап болған жағдайды толық сипаттай алатын мағыналы хат болуы өте маңызды – Баланы емдеу үшін не істедіңіз? Емге өз қаражатыңыздың қаншасын жұмсадыңыз? Қайда көмек сұрап жүгіндіңіз? Күнкөріс деңгейіңіз қандай? Қажетті соманы неліктен өзіңіз тауып бере алмайсыз? Хатыңыз туған-туысыңыз бен жора-жолдасыңызға арналғандай етіп жазылуы тиіс. Көмек сұрау - ұят емес, адамдарға Сізге жәрдемдесуге мүмкіндік беру керек!
Хатты «Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының атына орыс тілінде баспа түрінде (жазбаша емес!) жолдау керек (біз сіздің хатыңызды шетелдік клиникаларға жібереміз, ал халықаралық бөлімдерде тек ағылшын және орыс тілді үйлестірушілер жұмыс істейді).
МАҢЫЗДЫ! 1) Хаттың соңында келесі постскрипт қажет:
«Қайырымдылық көмек сұрау үшін мен сізге жіберілген кез келген құжаттарды, соның ішінде медициналық жазбалар мен фотосуреттерді БАҚ, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін». Бұл рұқсат балаңыздың мүддесі үшін әрекет етуімізге заңды негіз болып табылады. 2) Постскрипттен кейін хат жазылған күнді белгілеп, қол қоюды ұмытпаңыз.
2. Ата-аналармен шетелдік емделу туралы келісім шарт
Ата-аналармен шетелдік емделу туралы келісім шарт – қазақ тілінде жазу үлгісі.doc
3. Шетелдік емдеуге жолдама туралы қорытынды-ұсыныс
Мұндай қорытындыны Алматы мен Астанадағы қалалары жетекші емханаларының бас мамандары бере алады. (тізім қоса берілді foreign-clinics.pdf).
Емделудің келесі сатысына көмекке қайта жүгінген кезде де кемінде екі жыл бұрынғы қорытындыны ұсыну қажет.
Сондай-ақ, мұндай қорытындымен квота алуға өтініш бере аласыз. Біз Сізге міндетті түрде квотаға өтініш беруді ұсынамыз! Ем қомақты қаражатты қажет ететін жағдайда мемлекеттік квота ең жылдам және сенімді жол болып табылады.
Біздің қор Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрған Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге жолдама беру жөніндегі комиссияның құрамында ұсынылған, сондықтан біз балаңыздың құжаттарының уақтылы қаралуын қадағалай аламыз.
4. Медициналық жазбалар мен суреттер
Шетелдік дәрігерлерге сіздің балаңыздың диагнозы мен емделу тарихын бақылауға мүмкіндік беретін барлық медициналық құжатты жіберіңіз.
5. Отбасының тұрғын үй жағдайы туралы акт
Тұрмыстық жағдайларды зерттеу актісі – қазақ тілінде жазу үлгісі.doc
Бұл құжатты жергілікті әкімдіктен (әлеуметтік қорғау органы), сондай-ақ бала білім алып жатқан балабақшадан немесе мектептен сұратуға болады.
6. Ата-аналардың жұмыс орындарынан жалақы көрсетілген анықтамалар
Егер ата –ананың біреуі жұмыс жасамайтын жағдайда бұл мәртебені растайтын кез келген құжат қажет: декреттік демалыс туралы анықтама, жұмыссыздардың мәртебесі туралы жұмыспен қамту бөлімінің анықтамасы және т.б.
7. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
8. Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі
Өтініш беруші баланың туу туралы куәлігінде көрсетілмеген жағдайда (мысалы, сіз қамқоршысыз, ата-әжесі немесе басқа жақын туысысыз және т.б.), баланың мүддесін білдіре алатыныңызды растайтын құжат қажет.
9. Баланың түрлі-түсті суреттері, 6 дана
9.1. Жақыннан түсірілген еркін нысандағы 3-4 фотосурет (баланың сурет салып, ойнап, кітап оқып отырған кезеңдерінен).
9.2. Баланың көзі камераға қарап тұрған 2 фотосуреті.
Бұл фотосуреттер веб-сайтта және басқа көздерде қайырымдылық көмек іздеу үшін пайдаланылады.
Деректі немесе медициналық фотосуреттерді жібермеуіңізді сұраймыз.
10. Байланыс ақпараты
Ата-ананың біреуі (сенім жүктелген тұлғаның) толық мекенжайын (пошта индексімен), электрондық пошта мекенжайын және байланыс телефонын, сондай-ақ басқа байланыс телефондарын көрсетуі қажет.
Әрбір құжатты сканерден өткізіп (фото емес), оны PDF, PNG немесе JPG пішімінде жеке файл ретінде komek@detdom.kz немесе info@detdom.kz электронды поштасына жіберу керек, ал қағаз түрінде – Алматы қ., Наурызбай батыр даңғылы, 65 (Төле би даңғ. төмен), 102-кеңсе мекенжайы бойынша «ДОМ» ҚҚ кеңсесіне алып келуге болады.
Бір апта ішінде жауап қайтарылмаған жағдайда Қордың үйлестірушілеріне мына телефон номерлері арқылы хабарласыңыз: +7 (727) 267-66-46, ішкі. 106 және 104
Өзіңіздің, баланың аты-жөнін атап, құжаттарды қашан және қай мекен -жайға жібергеніңізді хабарлаңыз.
Егер жағдайыңыз «Балаларға өмір сыйла» жобасының шарттарына сәйкес келетініне сенімді болмасаңыз, 1, 3, 4 тармақтарда көрсетілген тізімдегі құжаттарды жіберіңіз. Біз оларды қарастырып, өз шешімімізді айтамыз.
Бізді келесі мазмұндағы хаттар және қоңыраулармен мазаламауларыңызды өтінеміз:
«Менің баламда онкология анықталды. Көмектесе аласыздар ма?». Мұндай хабарламаларда ақпарат жеткіліксіз болғандықтан бізге қосымша хат, медициналық жазбалар сұрауға тура келеді. Содан кейін ғана жауап бере аламыз. Барлық құжатты бірден жіберсеңіз Сіз өзіңіздің де, үйлестірушілердің де уақытын үнемдейсіз.
11. «ДОМ» ҚҚ қызметкерлерінің байланыс телефондары: