Біз қандай аурулардың емін төлейміз?
Біз Қазақстанда емделмейтін ауруларға шалдыққан балалардың операцияларының құнын төлейміз. Бұл Қазақстанда емдеу мүмкін емес екенін растайтын медициналық қорытындымен дәлелденеді. Қорытынды осы диагноз бойынша бас маманмен немесе республикалық клиникада беріледі.
Клиниканы кім таңдайды?
Біз әр баланың медициналық құжаттарын кем дегенде 3 клиникаға жолдаймыз. Қорытынды таңдауды отбасы жасайды. Бірнеше емханада емделу мүмкін болған жағдайда, біз бірдей қызмет сапасы үшін төмен баға ұсынатын клиниканы таңдауды талап етеміз. Біз өз ақшамызды емес, жиналған қайыр-садақаларды пайдаланатындықтан, ақшаны дұрыс және орынды жұмсау қажет деп санаймыз.
Баланың емі қалай төленеді?
Балалардың емі тікелей клиникалардың шоттарына төленеді. Әрбір нақты баланы емдеу үшін емханамен келісім-шарт жасалып, есеп-шот ұсынылады, емделгеннен кейін атқарылған жұмыстар актісі толтырылады.
Баланың отбасына нақты нені төлейді?
Біз клиниканың шоты бойынша отаның толық құнын төлейміз. Немесе ата-анаға отаға жетпейтін соманың қалғанын төлейміз. Клиникаға дейінгі жолдың және отбасы мүшелерінің ем / ота жасалатын қалада жататын жерінің құнын төлемейміз. (анасының клиникада болуы емнің құнына қосылады, бірақ анасының немесе басқа ілесіп барушының ғана). Осылайша, қаражат тек баланың емделуіне ғана жұмсалатынына кепілдік береміз.
Оталардың құны неге қымбат
Емдеудің құнындағы ең қымбаты – бұл дәрігердің ақысы емес. Ең қымбаты - материалдар және клиникаларда қымбат жабдықтардың тұтас кешенін пайдалану. Тіпті ресейлік емханалардың өзі шетелде жасалған материалдарды пайдаланады. Ал «шығын материалдарын» үнемдеу өзін ақтамайды.
Мысалы, дәрігер өзіне қажетті жүрек «жамауларын» бермейінше, ота жасаудан бас тартқан жағдай болған. Сол кезде клиникада Қытайда шығарылған жамаулар ғана болған. Дәрігер өз шешімін былай түсіндірді: ол бұл «жамауды» қоя алады, бірақ 3 жылдан кейін оны ауыстыруға мәжбүр болады, яғни балаға тағы да ота жасау керек болады. Қажет «жамауды» бір рет және өмір бойына қоюға болады.
Неге сайтта нақты балаға қанша жиналғаны туралы жазбаймыз?
Біз әр балаға бөлек-бөлек ақша жинай алмаймыз. Оталар мен емдер «Балаларға Өмір Сыйла» акциясы шотынан төленеді және қайырымдылықтан түскен барлық ақша осы ортақ шотқа аударылады. Бұл арнайы банктік шот, ол балалардың емі үшін қайырымдылықтан түскен ақшаны жинау және емді төлеу үшін ғана пайдаланылады.
Сайтта осы шоттағы кірістер мен шығыстар туралы толық есептерді жариялаймыз. Бұл шешімге келуіміздің бірнеше себебі бар:
Қор менің қайырмдылығымды алған-алмағанын қалай білемін?
Түскен аударымдар туралы ақпарат біздің сайтта «Қор – Есептер – «Балаларға өмір сыйла» 2007-2023 жылдар аралығындағы қайырымдылық акциясының түсімдері туралы есеп» бөлімінде жарияланған.
* Назар аударыңыз! Түсімдер бойынша есепте қайырымдылықтар қосымша парақтар бойынша бөлінген.
Егер ай сайынғы есеп жарияланғанға дейін төлеміңізді тексеру қажет болса, аударымның күнін, сомасын және аударым жасаған адамның Т.А.Ә. көрсетіп, info@detdom.kz электрондық поштасына хат жолдай аласыз. Бірнеше күннің ішінде Сізге төлем бойынша ақпарат ұсынылады.
Қайырымдылығымның қайда жұмсалғанын қалай білемін?
Қор көптеген шағын мөлшердегі көмек алады. Қордың барлық шығыны сайттың Есептемелер бөлімінде жарияланған - Есептер - 2007-2023 жылдар аралығындағы «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасы аясында балаларды емдеуге жұмсалған шығындар туралы. Сіздің қаражатыңыз есепте көрсетілген оталардың кез келгеніне жұмсалуы мүмкін. Алайда, егер Сіз өз қайырымдылығыңыз бойынша жазбаша есеп алғыңыз келсе, info@detdom.kz эл.поштасына хат жазыңыз. Тек мұндай есептеме дайындау қызметкерлердің көп уақытын алады. Отбасылармен жұмыс істейтін және заң бойынша бұл есептерді қажет ететін заңды тұлғаларға есеп беретін Қор қызметкерлерінің бос уақыты бола бермейтінін ұмытпағаныңыз абзал.
Менің ақшам басқа мақсаттарға емес, баланың еміне кететініне қалай сенімді бола аламын?
Айқындық және қайырымдылықты 100% балалар еміне жұмсау – біздің негізгі қағидаларымыз.
«Милосердие ерікті қоғамы» қоры қайдан келген ақшаға күн көреді?
Үйлестірушілердің жалақысы, кеңсені күтіп ұстау (жалдау, интернет, телефон және т.б.) бөлек шоттан төленеді. Бұл шығындар үшін ақшаны біз серіктестерімізден нақты осы мақсаттар үшін сұраймыз. «Қордың әкімшілік шығындарына мақсатты қайырымдылық қаражатын бөлген «PetroKazakhstan» компаниясы ұзақ уақыт бойы қорға көмек көрсетті. Бұл қор қызметін қолдауға келіскен алғашқы компания. Сол уақытта түсіністік танытқан Б.И.Исенғалиевке (ол кездегі «PetroKazakhstan» компаниясының вице-президенті) алғыс айтамыз – қор командасының тұрақты жұмысы ғана көп адамға тұрақты көмек көрсете алады. 2013 жылдан бастап негізгі әкімшілік шығындар «Samruk Kazyna Trust» КҚ-мен бірлескен жобалар аясында жүзеге асырылады - шығындар біз жыл сайын қорғайтын жобалар бюджетіне енгізілген.
Сондай-ақ , алдын ала келісім бойынша қайырымдылықтары әкімшілік шығындарына жұмсалатын бірнеше серіктесіміз бар. Мысалы, «Аутизмді жеңеміз!» жобасының бірнеше маманы мен тьютерлерінің жұмысы дәл осылай төленеді. Қордың кейбір шығыны қаржылай емес, еріктілердің еңбегімен «төленеді». Мәселен, балалардың хикаяларын ағылшын тіліне тегін аударатын жастар бар. Азаматтарға құқықтық көмек бойынша жұмыс бөлігін еріктілер атқарады. Бізге басқа еріктілер мен ұйымдар жиі көмектеседі. Мысалы, біздің жыл сайынғы есептік іс-шараларымыз көптеген ұйымның өтеусіз көмегінсіз мүмкін болмас еді.
Сіз ақшалай көмектескіңіз келеді, бірақ қолыңызда аз ғана сома бар болса?
Кез келген қайырымдылық маңызды. Ақыр аяғында ондаған теңгеден миллиондаған доллар жиналады. Сілтемені басу арқылы сіз қайырымдылық жасаудың өзіңізге қолайлы әдісін таңдай аласыз.
Бізге көмектескіңіз келеді, бірақ немен көмектесе алатыныңызды білмеген жағдайда?
Қорға ақшаға ғана емес, сондай-ақ, жеке уақыт пен белгілі бір дағдыларға байланысты көмек қажет.
Неге біз Қазақстандағы балалар кардиохирургиясын дамытуға ақша салудың орнына балаларды шетелге емделуге «жібереміз»?
Дәл осы үшін қайырымдылық жасалады. Біз балаларды шетелге емдеуге «жіберу» уақытша шара екенін жақсы түсінеміз. Әрине, балалар Қазақстанда емделу үшін жағдай жасау әлдеқайда тиімді. Бірақ ол үшін миллиардтаған доллар қажет екені айдан анық. Біз медицинаны дамытудағы негізгі бастама мемлекетке тиесілі болуы керек деген ойдамыз. Қайырымдылық қорлары тек көмектесе алады. Олар осымен айналысып та жүр – Қазақстанда қайырылымдық қорлары мен бизнес өкілдері бүгінгі күні де клиникаларға жабдықтар сатып алып, дәрігерлерге ең үздік шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өтуге көмектеседі. Бірақ бүгінгі күні көмекке мұқтаж жүздеген бала бар. Олар Қазақстанда кез келген көмек мүмкін болатын жақсы уақытты көрмей қалуы әбден мүмкін. Біз дәл осы балаларға қол ұшымызды береміз.