О ребенке
Последняя информация: Динмуханбет вернулся с лечения в г. Самара, в ООО "Реацентр Самара" где он пробыл с 17 августа по 17 сентября 2014 года. Мы присоединяемся к благодарности родителей в адрес АО "Самрук Казына" и всех, кто не смог остаться равнодушным!
Дата рождения: 26.01.2009
Место жительства: г. Шымкент
Диагноз:ДЦП, гиперкинетическая форма тяжелой степени. ЗПМР. Псевдобульбарные нарушения.
Стоимость операции: 245 800 руб
Лечение Динмуханбета было оплачено в рамках совместного проекта с АО «Самрук-Қазына»..
Обращение:
Мен, Мейірбекова Айгүл сіздерге үміт хатын жолдауымның себебі, тұңғыш перзентімнің сырқатына байланысты болып отыр. Біз Шымкент қаласынан боламыз. Ұлымның есімі – Дінмұханбет, қазір 5 жаста. Өзі ай күніне жетпестен 7 айлық болып шала туылған. Босанған соң, алғашқыда дәрігерлер миына қан құйылған деді. Оған қоса белрубины көбейіп, сарғайып, жан сақтау бөлімінде 10 күннен көп уақыт жаттық. 2 айға жуық ауруханада жатып, үйге әзер шықтық. Ал кейін, невропотолог дәрігерлер «черепное давлениесі» бар екендігін айтты (УЗИ негізі бойынша). Бұл сырқаттан емделіп кететініне өзімізді сендіріп, алдағы жақсы күндерге үміт арттық. Бірақ қуанышымыз ұзаққа бармады. Ауруханадан шыққан соң 2 апта өтпей, бала мазасыздана бастады. Жылауы көбейіп, болмашыға сырқаттанып қала берді. Біресе іші тоқтамай қалса, бірде жүрмей қиналады. Дене қызуы тоқтаусыз көтеріліп, күні-түні жылауы көбейіп, ұйықтамайтын болды. Осы мазасыздықтың соңы 3 айынан асқанда «судорог»-қа әкеп соқтырды. Ондай кезде ол тоқтаусыз жылап соңында дауысы шықпай қалады да, көгеріп 1-2 минуттай қатып қалады. Қиналған кезде тіпті кіші дәретін жіберіп те қояды. Содан әлсіреп 5 минуттай ұйықтап қалады. Бұдан әрі ол қолдарын артқа қайырып, басын шалқалақтап тоқтаусыз жылай беретін. Тіпті ұйқы дегенді де білмейтін болды. Тәулігіне 15 минут ғана ұйықтайды. Мұның соңы балам 4 айлығында қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне бірақ түсті. Осыдан кейін барып баламның сырқатына күдіктеніп, барлық қала бойынша мықты деген невропатологтарға қараттым. Оған 6 айлық кезінде «ДЦП, гипертенетическая форма» деген диагноз қойды. Мұндай сұмдық ауруды бұрын-соңды естіп-білмеген біз қатты күйзелдік. Ауруға дауа іздеп шарқұрдық. Алайда, бәрі бекер болды. Жергілікті ауруханаларда айлап емделдік, ешқандай нәтиже болмады. Осылай баламның алдында дәрменсіз болып жүргенде дәрігерлер үмітіме су сепкендей болды. Олар мұндай аурудың қайда барсамда емделмейтінін жайбарақат жеткізе салды. Тура бір керек емес жарамсыз зат секілді, «олар осындай, ел-жер кезіп әуре болмаңдар, ауруды өлгенше бағасыңдар» деген сөздері жанымды жегідей жеді.
«Үмітсіз – шайтан» деген, қандай ана баласын мұндайға қисын?! Дәрігерлерге сенгім келмеді. Олардан қайран болмаған соң, тәуіп, емші, сынықшы барлығын да көрдік. Қаншама жерге бардық, бәрі бекер... Оларда тек алдап-арбаудан ары аспады. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдық. Жан қинаған бұл күйзеліс маған қиын тиді. Жылаудан, жанымды «неге» деген сұрақпен жегідей жеуден тынбадым.
Қазақ өз қандасының баласының басына түскен қайғыға бей-жай қарамаған ғой... Өзгелердің басқадан көмек сұрап, науқас балаларын шетел асып емдетіп, әжептеуір нәтиже болғанын көріп, біз де жұбайымыз екеуіміз көмек сұрауға мәжбүр болып отырмыз. Әрине, қалтамда қаржым болса қарап отырмас едім. «Қаратқан қарап қалмастың» кебін киіп, бар үмітіміз шетел дәрігерлерінің баламның денсаулығының жақсаруына септігін тигізсе дейміз.
Бүгінгі таңда науқас балама жұбайым қарайды. Өзі – педагог. Жергілікті колледжде дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін. Балам 2-ге келгенше өзім қарадым. Екінші балама аяғым ауыр болған соң, денсаулығыма байланысты маған да ерекше күтім керек болды. Сондықтан, бала өскен сайын қарауға менің шамам да келмей қалды. Қазір жұбайымның жұмыстан шығып осы балаға қарап келе жатқанына 3 жылдан асты. Менің де қазір үшінші балама байланысты бала күтімінде отырғандықтан, табысымыз науқас баламызды қаратуға жетпейді де.
Осы күнге дейін Астана қаласындағы республикалық реабелитациондық орталықта, Алматы қаласы, республикалық Ақсай балалар ауруханасында ем алды. Бірақ ешбір нәтиже жоқ. Тек уақытша дәрінің күші кеткенше ұйқысы ғана тынышталады.
Шіркін!!! Баламның өз аяғына тұрып кеткенін тек түсімде ғана емес, өңімде де көрсем бұл өмірде арманым болмас еді...
Біз, алдымен Алладан емін бер деп, кейін халқымыздан көмек сұраймыз. Иманды, жүректі, мейірімді жандардың қаржылай көмегіне зәру болып отырмыз. Өздеріңіздің көмектеріңізді күтеміз!
«Для поиска благотворительной помощи разрешаю использовать в СМИ, включая Интернет, любой из высланных мною документов, в том числе медицинские выписки и фотографии»