Асылым Жетпісбаева. Дата госпитализации в рамках мастер класса: 1 августа 2024 г.

Возраст
3 года
Город
Кызылорда
Диагноз
Диастематомиелия поясничного отдела позвоночника
Ориентировочная сумма
2 946 196 KZT

О ребенке

Обращение:

Біз, Жетпісбаева Асылым Олжасқызы, 6 шілде 2021 жыл, Диагноз:  (Q05.7)  ВПР. ЦНС. Диастематомиелия поясничного отдела позвоночника. Синдром фиксированного спинного мозга, баланың ата-анасы Боданова Замира, сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз.

 Баланы көтерген уақытта дәрігер ескертті, балада кемістік бар, алдыртуыңа болады деп. Оған өзім келіспедім, алғашқы жүктілігім болған соң қорықтым. Босанған уақытта да сол диагнозды айтты.Қызылорда қаласы, «Ана мен балада» екі аптадай жаттым. Баланы  КТ-ға түсіргеннен кейін «spina bifida» деген диагноз қойылды. 2021 жылдың қараша айында баланы 4 айлығынан бастап Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына барып, нейрохирург  Кайрат Амиргалиевичке қаралдық. МРТ, КТ аппараттарына түсіріп қойылған диагнозды нақтыланды. Баланың бір аяғы екіншісінен кішкентай, салмағы өз жасына сай болмады. 1 жас 8 айында кеш жүрді.  2022 жылдың мамыр айында, 2023  жылдың сәуір айларында порталмен ауруханаға келдік. Бірақ баланың ауа райына аллергия беріп кері қайтарылды. 2023 жылдың маусым айында Астана қаласы «Ұлттық нейрохирургия орталығына» порталмен операция жасауға жіберілді. Бірақ бір палатада бірге ем алып жатқан кішкентай балаға қызылша шығып, байланыста болғаны үшін 21 күнге карантинге жабылып қайтарылды. 

2024 жылдың 24 маусымда Алматы қаласы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына келіп МРТ-ға баланы түсірдік. Доктор Кайрат Амиргалиевичке жолығып консультациясын алдық. 2024 жылдың қыркүйек айында порталға қойып, операция жасататын болдық. Артынша 1 сағаттан кейін доктор Кайрат Амиргалиевич Германиядан келетін профессор Ульрих Томаленың қатысуымен операция жасауға болатын үлкен мүмкіндік барын айтты. Сол мүмкіндікті пайдаланып, баланың құжаттарын дайындауға келістік. Бала өскен сайын жүру кезінде ауырсынып жылайтын болды. Өзі қатарлы балалармен жүгіріп ойнағысы келеді, ауырсыну әсерінен жиі құлап қала береді. Белінің, аяғының ауырғанын айтады. Үлкен, кіші дәретін ұстай алмайды, сезбейді. Бірыңғай памперспен жүреді. Себебі қуықтағы кіші дәрет толық шықпайды екен. Оны МРТ нәтижесінде  баланың қуығы толып тұрғанын көрсетті. Қызымды 4 айлығынан бастап дертіне шипа табамыз деп, өз қаражатымызбен барлық анализдері мен узи, МРТ, КТ аппараттарына түсіріп, портал алып, ертерек емдетудің әрекетін жасап келеміз. Баланы тек әуе жолы арқылы апарып келіп жүрміз.  

Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін

История болезни

Асылым нуждается в нашей с вами помощи. Малышка родилась с внутренними пороками развития. Требуется операция. В период с 29 июля по 02 августа 2024 года на базе 2 Детской клинической больницы (ДКБ), г.Алматы будет проведен мастер-класс на тему: «Spina Bifida. Современные методы лечения с применением интраоперационного нейромониторинга». Оперирующий доктор - профессор, заведующий отделением детской нейрохирургии университетской клиники Шарите, г. Берлин, Германия - Ульрих-Вилгельм Томале. Вы можете помочь Асылым, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".