Ахмет Әлпбек. Дата госпитализации: 30 июля 2024 г.

Возраст
7 мес.
Город
Пресновка
Диагноз
Вторичный билиарный цирроз
Ориентировочная сумма
15 000 USD
Им помогли

О ребенке

Обращение:

Менің атым Мөлдір, мен әлі 3 айлық керемет ұлдың анасымын. Өкінішке орай, біздің баламыздың өмірі ауыр сынақтан басталды. Біздің ұлымызға бауыр циррозы диагнозы қойылды және дәрігерлер жалғыз үміт - бауырды трансплантациялау деп отыр... Баламыз, Әлпбек Ахмет Шұғайыпұлы, 02.04.2024жыл, диагнозы: Q44.2ВПР ЖВП. Биллиарная атрезия. К74.4 Вторичный биллиарный цирроз печени класс В по Чайлд-Пью (9 б). Портальная гипертензия. Асцит. PELD 14. Сопуствующий диагноз: В25.9 ВУИ Цитомегаловирусная инфекция генерализованна форма период репликации. Ахмет баламыздың ата-анасы, сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз...

Баламыз туғанда ешқандай ақауы болмады, денсаулығы қалыпты болды. Перзентаханадан шыққаннан кейін, бала сарғая бастады. Потранажға келген педиатр дәрігеріміз, балаға урсосан беруімді айтты. Баланың сарғаюы кете қоймады, сосын бала 1 ай болғанда емханаға барып педиатрымызға көріндік. Сарғаюы кетіп жатқанын айтты да болды, негізі кетпеген еді. Біздің аудандық ауруханада кейбір дәрігерлер жоқ болғандықтан невропатолог, хирург, ортопед дәрігерлерге қала,а облыстық ауруханаға жолдама берді. 17 – ші мамырда невропатологқа барғанда, ол дәрігер бізге қабылдау бөліміне барып талдау тапсыруымызды өтінді, баланың сарғыштығына байланысты. Аппарат 150 көрсетіп тұрған соң, бізді аруханаға жатқызды. Ем алу керек, биллирубин мөлшері қан талдауында одан да көп болуы мүмкін деп.

Ауруханада биохимия талдауы бізде өте нашар шықты, баланы реанимацияға жатқызып тастады. 20 мамыр МРТ түстік, оның нәтижесінде балада өт жолдарының бітелуі деген диагноз қойды(Врожденная атрезия желчовыводящих путей). Бізге ота жасау керек екенін түсіндірді. Сосын Астанадағы ауруханаға жату үшін, 2 апта орын күтіп қалдық. Солай 4 маусымда Астанада ана мен бала орталығына санавияциямен келдік. 10 маусымда Касаи әдісіндегі ота жасалды, яғни баланың ішегін кесіп, өт жолдарын жасау деген. Және ота кезінде бауырдан биопсия алынды. Биопсия нәтижесі өте нашар шықты және отадан кейін баланың жағдайы жақсармады. Бізге тездетіп бауыр трансплантациясын жасату керектігін айтты. Менің балама отаны өз елімізде жасамайтынын айтты, өйткені баланың салмағы өте аз 5,6кг , ал біздің елде тек 7,5 кг нан жоғары балаларға ғана жасайды екен. 

Мемлекеттен квота бар екенін айтты дәрігеріміз, квотаға дайындау үшін дәрігерлер консилиум жасап бізден Астана және Алматы ота жасаудан бас тартаны туралы консилиум жасалды. Оның барлығы баланың стационарлық науқастың медициналық картасын шығару эпикризінде жазылған. Қажет болып қалады деп мен екінші жақтан баланың еміне деп туған-туыстан, халқымыздан қаржылай көмек сұрай бастадым, өйткені баланың жағдайы нашар болды. 2  шілде күні баланың денсаулығы тұрақталғанда, бізді ауруханадан шығарды, 14 түрлі ауыр дәрілер жазып берді. Квотаға мен донор ретінде тексерілуім керек еді, бірақ үлгермедім. Өйткені үйге шыққаннан кейін, баламыздың күннен күнге іші үлкейіп кетті. 

Бала қатты мазасызданып, ұйықтай алмай, іші өскен сайын әлсіреп кете берді. 13 шілде күні баланың ішінің ісігі кеудесіне қарай кеткенде, жолды көтеретін кезде тездетіп жетіп алайық деп, сборда жиналған 5 млн теңгемен,  тез арада Антальяға билет алып 15 шілде күні ұшып кеттік. Антальядағы Медикал парк клиникасында жұмыс жасайтын профессор Ибрагим Алиосманоғлы туралы өте көп жақсы пікірлер оқыдым, естідім сол жақта балаларына ота жасатқан ата – аналардан және Түркияның басқа клиикаларына қарағанда бағасы төмені осы болды. Анталья қаласында Медикал парк клиникасына келіп, толықтай мен және балам  диагностика өтуді бастап кеттік. Диагностикадан кейін ұлымның бауырына кіретін 3 тамырдың екеуі бітелгенін айтты дәрігер, үшіншісі бітелмей жатып тездетіп отаны бастау керектігін жеткізді. Ал маған донор ретінде жарайтынымды айтты. Дәрегер 22 шілде отаны бастай алатынын айтты, бірақ біз тек 10 мың доллар ғана төлеген едік, ал клиника әкімшілігі кемінде 30 мың долларсыз бастауға рұқсат бермейтінін жеткізді. Сосын жан жақтан барынша қаржымызды жинап 25 мың долларға жеткіздік және де бізге 24 шілде күні Raf Hasanat қайырымдылық қоры 10 мың доллар шотымызға аударды. Бүгінде жалпы сумманың 35 мың долларын төлеп қойдық. Жетпей жатқаны 15 мың доллар. Осы қалған 15 мың долларды (бүгінгі күнде теңгемен 7 140 000теңге) жинауға көмек берсеңіздер.

Ұлымыздың өмірін сақтап қалуға көмек берулеріңізді сұраймын. Әкесі екеуіміз көтере алмайтын жүк болып тұр, сатуға қоятын ешқандай дүние мүлкіміз жоқ болып тұр. Әкесі жұмысынан шығуға мәжбүр болды, өйткені мен донор болсам және балама ота жасалғанда бізге қарасатын басқа ешкім болмады. 5 жыл Алматыда тұрып, пәтерге төлеуге қатты қиналғандықтан, Солтүстік өңірге көшіп бардық, бізге жалдамалы пәтер берді, жұмыс берді жолдасым екеуімізге. Қазырде жүріп тұруымызға туысқандарымыз көмек беруде, ал екі баламыз нағашы әжесінің қолында қалды. Біз сіздердің көмектеріңізге мұқтажбыз. Бауырды ауыстыру операциясы мен одан кейінгі емдеуге үлкен қаржылық шығындар қажет, бұл біздің отбасымыздың жалғыз өзіне көтере алатын жүк емес.

Біз сіздерден көмек сұраймыз. Тіпті аз ғана қаражат үлкен іс жасай алады. Сіздердің әрбір берген көмектеріңіз біздің баламыздың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Өтінеміз, қиын уақытта бізді қолдаңыздар. Сіздердің көмектеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін сөзбен айтып жеткізе алмайтын мәнге ие. Кез-келген көмектеріңізге және бұл ақпаратты достарыңыз бен таныстарыңызға таратуға риза боламыз. Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Новости

Ахмет госпитализирован в клинику 30 июля 2024 г. Мальчику сделали пересадку печени. Лечение оплачено. Ахмет чувствует себя хорошо. 

Благодарности

Сәлеметсіздер ме. Менің есімім Мөлдір, мен Әлпбек Ахметтің анасы боламын. Ұлыма жақында бауыр трансплантациясын жасады және өзім донор болдым ұлыма. Аллаға шүкір ота жақсы өтті, қазыргы уақытта дәрігердің бақылауындамыз. Біздің отбасы “ДОМ” қоғамдық қорының ұжымына және демеушілерге үлкен алғысымызды айтқымыз келеді. Ұлымның денсаулығының жақсарып кетуіне уақытылы көмек қолын созып, үлкен қайырымдылық жасадыңыздар. Алғысымыз шексіз🙏🏻Істеріңізге береке берсін, отбасыларыңыз аман болсын, балалар ешқашан ауырмасын.

История болезни

Ахмет настоящий боец! За свои 4 месяца жизни, он уже столько преодолел... Было проведено несколько операций, идет борьба за жизнь Ахмета и он очень нуждается в нашей с Вами помощи! Ахмету экстренно требовалась операция по пересадки печени. Времени ждать квоту не было, родители успев собрать часть суммы, необходимую для госпитализации, экстренно уехали в клинику Medical Park, Antalya, Türkiye и уже оплатили счет в клинике в размере 35 000 долларов, но этого недостаточно. Необходимо оплатить еще 15 000 долларов и без Вас - уважаемые добродетели, семье не справиться! Вы можете помочь Ахмету, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".     

* В рамках акции "Один пакет - одно доброе дело" с ТОО "Magnum Cash&Carry", перечисленная сумма за август 2024 г. в размере 2 000 000 тенге, направлена на операцию Ахмета. Выражаем благодарность.