Аружан Совет. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 19 мая 2026 г.

Возраст
16 лет
Город
Балдысу. Туркестанская область
Диагноз
Стеноз гортани. Парез гортани
Ориентировочная сумма
1 483 748 KZT

О ребенке

Обращение 2:

Мен, Баиболова Жанар Серікқызы, 12.07.2009 жылы туған қызым Совет Аружан Әбдірахманқызының анасымын. Қызым дүниеге дені сау болып келген. Алайда 2018 жылғы 13 шілдеде ол ауыр жол-көлік оқиғасына ұшырады. Сол күні аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Нейрохирургтің қорытындысымен бас сүйегіне трепанация жасалып, жедел субдуралды гидрома алынды. Қызым 15 күн бойы комада болып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Кейін трахеостома қойылды. Осы уақыт аралығында қызымыз түрлі медициналық орталықтарда, соның ішінде А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында және ННЦПД клиникасында бірнеше рет ем қабылдады. Көптеген күрделі операциялар жасалды: ларингопластика, баллонды дилатация, лазер арқылы грануляцияны жою, Т-түтік орнату және ауыстыру. Соған қарамастан, қызымызға «көмейдің III–IV дәрежелі стенозы, көмей парезі» диагнозы қойылған және жағдайы әлі де күрделі. Қазіргі таңда қызымызға жоғары технологиялық операция қажет. Біз Алматы Жақсылықовичтің қабылдауында болып, Астана қаласындағы «UMC» клиникасында 2026 жылдың қаңтар айының соңында ресейлік дәрігер Пряников Дмитрий Юрьевичтің қатысуымен өтетін мастер-класс аясында операция жасау мүмкіндігі бар екенін білдік. Қазіргі таңда дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, қызымызға 2026 жылдың мамыр айында жоғары технологиялық операция жасау жоспарланып отыр. Аталған ем Астана қаласындағы «UMC» клиникасында өтеді деп күтілуде. Бұл операция қызымыздың тыныс алуын жақсартып, денсаулығын қалпына келтіру үшін аса маңызды. Осыған байланысты, сіздерден және барша жанашыр жандардан қызымыздың аталған мастер-классқа қатысып, шетелге шықпай-ақ Қазақстанда қажетті операция алуына көмектесулеріңізді сұраймыз. Біздің отбасымыздың материалдық жағдайы қиын. Қызымның әкесі тұрақты жұмыс істемейді, өзім де жұмыссызбын. Көпбалалы отбасымыз, барлық қаражат күнделікті тұрмыс пен емге жұмсалады. Сіздерден көмек сұрай отырып, үлкен үміт артамыз. Осы хат арқылы жіберілген барлық құжаттарды, медициналық қорытындыларды және фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде пайдалануға келісім беремін.

Баиболова Жанар Серікқызы

Обращение:

Біз, Совет Аружан Әбдірахманқызы 12.07.2009 жылы туылған, ІІІ топ мүгедектігі бар, стеноз гортани.парез гортани диагнозымен тіркеуде тұратын қызымызға,  әкесі Өксікбаев Әбдірахман Советұлы, анасы Баиболова Жанар Серікқызы сіздерден шетелде емделу ақысын төлеуге көмектесулеріңізді сұраймыз. Анасының айтуынша, 2018 жылғы 13 шілдеде бала жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Сол күні өздері тұрғылықты жердегі ауруханаға (ШГБСНП) жүгінген. Бала реанимация бөліміне жатқызылып, нейрохирургтің кеңесімен сол жақтан бас сүйек трепанациясы жасалып, жедел субдуралды гидрома алынған. 2018 жылғы 17 шілдеде бала ОДБ-ға ауыстырылып, ИВЛ аппаратына қосылған, 15 күн комада болған. ОДАРИТ бөлімінде трахеостома қойылған. 2018 жылғы 10 қыркүйекте ауруханадан шығарылып, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында тексеріліп, ем қабылдау ұсынылған. Ол жерде 5 рет ем қабылдаған, соңғы рет 2019 жылғы сәуірде түтік ауыстырылған. 2019 жылғы қазанда «ННЦПД» клиникалық филиалында тікелей диагностика және баллонды дилатация жасалған, III–IV дәрежелі стеноз анықталған. 2020 жылғы қазанда сол мекемеде стационарлық ем қабылдаған, 2020 жылғы 5 қазанда профессор Разумовский А.Ю. қатысуымен ларингопластика жасалып, Т-түтік орнатылған. 2021 жылғы наурызда тікелей ларингоскопия, баллонды дилатация және СО2 лазермен грануляцияны буландыру операциясы жасалған. 2021 жылғы маусымда Т-түтікті алып, баллонды дилатация және грануляцияны лазермен жою операциясы жасалған. 2021 жылғы шілдеде Т-түтік пен қабырға шеміршегін ларинготрахеялық қосылыс артқы қабырғасына орнату операциясы жасалған. 2021 жылғы 19 қыркүйекте Т-түтік қақырық пен қабыршақтармен бітеліп, гипоксия белгілері пайда болған, тыныс алу қиындаған. Ата-анасы түтікті өздері алып, трахеостомиялық түтік орнатқан. Қыркүйекте «ННЦПД» клиникасында шұғыл көрсеткіштермен ем қабылдаған, 2021 жылғы 24 қыркүйекте жалпы анестезиямен тікелей ларингоскопия, буждау және Т-түтік орнату операциясы жасалған. 2021 жылғы 18 қарашада профессор Разумовский А.А. қатысуымен Т-түтікті ауыстыру операциясы жасалған. 2022 жылғы наурызда стационарлық ем қабылдаған, 2022 жылғы 3 наурызда жалпы анестезиямен тікелей ларингоскопия, буждау және Т-түтікті ауыстыру операциясы жасалған. 2022 жылғы 9 маусымда Т-түтікті алып, трахеостомиялық түтікпен ауыстыру және буждау операциясы жасалған. 2024 жылғы наурыз–сәуір және қараша айларында стационарлық ем қабылдаған. Соңғы рет 2025 жылғы маусымда «UMC» клиникасында емделген. 2025 жылғы 5 маусымда жалпы анестезиямен тікелей ларингоскопия, буждау және Т-түтікті ауыстыру операциясы жасалған. Әкесі Өксікбаев Әбдірахман жұмыссыз, тұрақты жұмысы жоқ. Анасы Баиболова Жанар жұмыссыз. Айна көп балалыларға арналған жәрдем ақы және осы қызға мүгедектікке берілетін ақша түседі. Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.

Баиболова Жанар Серікқызы

Благодарности

№1

Уважаемая Аружан, благодарим Вас и команду фонда за помощь в организации мастер-класса на тему: «Современные методы лечения рубцовых стенозов гортани у детей», с участием Пряникова П.Д., заведующего отделением оториноларингологии РДКБ филиал ФГАОУ ВО РНИМУ им. Н.И. Пирогова МЗ РФ г. Москва, с 26 по 29 января 2026года. Специалисты нашей клиники получили очень ценные знания и навыки, которые в дальнейшем будут применять, а также прошли повышение квалификации и обмен опытом 2 специалиста из г. Алматы и г. Караганды. Также сообщаем, что 5 пациентов получили высококвалифицированную медицинскую помощь, операции прошли успешно, без осложнений и пациенты уже благополучно выписаны домой с улучшением состояния. 

История болезни

У Аружан инвалидность III группы. После тяжёлого дорожно-транспортного происшествия в 2018 году девочка перенесла черепно-мозговую травму, длительную кому, искусственную вентиляцию лёгких и трахеостомию. В дальнейшем у неё развились тяжёлые осложнения — стеноз и парез гортани, приведшие к хроническому нарушению дыхания. С 2018 года Аружан перенесла многочисленные высокотехнологичные операции: ларингопластики, баллонные дилатации, установку и замену Т-трубок, экстренные вмешательства при угрозе удушья. Несмотря на проведённое лечение, заболевание сохраняется и требует дальнейшего поэтапного специализированного лечения, которое может дать шанс на улучшение дыхательной функции и качества жизни. 26 января 2026 г. в рамках мастер-класса была проведена операция. Требуется следующий этап оперативного лечения. В период с 18 по 22 мая 2026 г. на территории ННЦМД г. Астана будет проведен мастер-класс на тему: "Современные подходы к лечению рубцовых стенозов гортани у детей", оперирующий доктор - заведующий отделением отоларингологии РДКБ Пряников Павел Дмитриевич. Семья находится в крайне тяжёлом материальном положении: оба родителя без постоянной работы, единственный доход — социальные пособия. Самостоятельно оплатить лечение они не в состоянии. Просим всех неравнодушных откликнуться и помочь Аружан получить жизненно необходимую операцию. Вы можете помочь Аружан совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".

Ориентировочная стоимость 1-го этапа операции: 1 554 403 тенге 

Ориентировочная стоимость 2-го этапа операции: 1 483 748 тенге 

* 1 000 000 тенге на оплату 1-й операции Аружан перечислила компания ТОО "MARVEL KAZAKHSTAN" (МАРВЕЛ КАЗАХСТАН). Выражаем благодарность!

* 554 403 тенге на оплату 1-й операции Аружан перечислил частный спонсор, пожелавший остаться неизвестным. Выражаем благодарность!