Әзіретсұлтан Абылхасым. Дата госпитализации в рамках мастер-класса: 30 октября 2026 г.

Возраст
8 лет
Город
Шымкент
Диагноз
Гамартома
Ориентировочная сумма
2 981 220 KZT

О ребенке

Обращение 2:

Біз «Дом милосердия» фондына өтініш жазу себебіміз — ұлым 2018 жылы 24 шілдеде туылған Абылхасым Әзіретсұлтанның денсаулығына байланысты. Ұлым туылғалы сол жақ гамартома салдарынан симптоматикалық эпилепсиямен ауырады. Күлу және жылау судоргысымен 2-3 сағат сайын қайталанып отырады. Кейде есінен танып қалады. Біз осы уақытқа дейін өз қаражатымыздан, кредит, қарыз алып емдетіп келдік. Қазақстандағы мықты деген дәрігерлердің бақылауындамыз. Дәрілері бұған дейін карбамазепин, оксапин, эпикс ішіп келгенбіз. Қазіргі таңда запикар 300 мг, топирамат 50 мг ішеміз.

Біз осы жылдың 6 мамырында болған жоспарлы отаға келісіммен келгенбіз, Алматы қаласындағы №2 балалар ауруханасына. Өкінішке орай, ол кезде бізден тек гистология алынып, кистамызды жарған болатын. Азамат Абикеновичтің және Германиядан келген нейрохирург Улирих Томалидің бақылауында болдық. Одан кейін шілде айында Астана қаласы №2 балалар ауруханасында VNS стимулятор аппаратын қойдырдық. Енді біз қайтадан ота жасатуға баруымыз керек.

Бізде дәл қазір приступ, судорога өте ауыр түрде өтіп жатыр. Ерні көгеріп, тырысып, есінен танып қалып жатыр, күніне 2-3 рет болып жатыр. Әр екі сағаттан сайын болатын судоргасынан бөлек, 3 сынып оқушысы жалғыз өзі жүре алмайды, түстерді, сандарды ажырата алмайды және әріп тани алмайды. Үйде оқытуда оқимыз. Үйренген заттарын судоргысы ұстаса, ұмытып қалады. Халқым, сіздерден осы отаны жасауға көмек берулеріңізді сұраймын.

Себебі мен көп балалы анамын. 6 баламның ішіндегі осы төртінші ұлым және ең кішкентай ұлым ДЦП диагнозымен, жолдасымның анасы 1 топтағы мүгедек, деменсия диагнозымен ауырады. Мен сол себепті үйде жұмыссызбын. Жолдасым таксист болып жұмыс істейді. Дені сау балаларымның алды студент, мектеп бітіруші, мектеп оқушысы және балабақшаға барады. Әзірге жолдасымның бауырының үйінде тұрамыз.

«Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фото суреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін».

Жандарова Динара Ауелбековна

Обращение:

Біз «Дом  мелосердия» фондына  өтініш жазу  себебіміз ұлым 2018 жылы 24 шілдеде туылған Абылхасым Әзіретсұлтанның денсаулығына байланысты. Ұлым туылғалы сол жақ гамартома салдарынан симптоматикалық эпилепсиямен ауырады. Күлу және жылау судоргысымен 2-3 сағат сайын қайталанып отырады. Кейде есінен танып қалады. Біз осы уақытқа дейін өз қаражатымызбен кредит, қарыз алып емдетіп келдік. Қазақстандағы мықты деген дәрігерлердің бақылауындамыз. Дәрілерін  үзбей карбамазепин, оксапин, эпикс ішіп келеміз. Көмектеспей жатыр. Бұл аурудың емі ота жасау екен. Бізде бұл отаны жасай алмайды. Біздің шет елге шығуға мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ  жақында дәрігер Азамат Әбекеновичтен жақсы жаңалық естіп қалдық. Мамыр айында өтетін Алматы қаласындағы №2 АҚБ ауруханасында Улирих Томалидің қатысуымен өтетін мастер класқа қатысып ота жасатқымыз келеді. Бұл ота ұлым үшін үлкен көмек болады деп сенеміз. Себебі өз қатарларынан кеш дамып жатыр. 2 сынып оқушысы жалғыз өзі жүре алмайды, түстерді, сандарды ажырата алмайды және әріп тани алмайды. Үйде оқытуда оқимыз. Үйренген заттарын судоргысы  ұстаса ұмытып қалады. Халқым сіздерден осы отаны жасауға көмек берулеріңізді сұраймын. Себебі мен көп балалы анамын. 6 баламның ішіндегі осы төртінші ұлым және ең кішкентай ұлым  ДЦП диагнозымен, жолдасымның  анасы 1 топтағы  мүгедек Деменсия диагнозымен ауырады. Мен  сол себепті үйде жұмыссызбын. Жолдасым таксист болып жасайды. Дені сау балдарымның алды студент. Мектеп бітіруші, мектеп оқышысы және балабақшаға барады. Әзірге жолдасымның бауырының үйінде тұрамыз. «Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Интернетте пайдалануға рұқсат беремін».

Жандарова Динара Ауелбековна

Благодарности

№1

Мен, Жандарова Динара ұлым Абылхасым Әзіретсұлтанның анасымын. Біз осы 2026 жыл 7 мамыр күні Алматы қаласындағы 2 қалалық балалар ауруханасында бас дәрігер М. Рабандиярович, нейрохирург А. Абикенович, Д. Асылбаевич бастаған және де Германиядан келген белгілі, білікті балалар нейрохирургы Ульрих Томалемен бірлесіп менің ұлыма ота жасалды. Отамыз сәтті өтті дәрігерлерге аналық алғысым шексіз. Біз бүгін 13 мамыр үйімізге қайттық. Рақмет көп-көп бізге осы отамызға қолұшын беріп көмектескен фонд "Милосердия" ұжымына.

История болезни

Әзіретсұлтан с рождения страдает симптоматической эпилепсией, вызванной гамартомой головного мозга. Приступы со смехом и плачем повторяются каждые 2-3 часа, а самые тяжёлые случаются по нескольку раз в день: мальчик синеет, напрягается и теряет сознание. После каждого приступа он забывает то, чему успел научиться. Сейчас он на домашнем обучении, не различает цвета, цифры и буквы, не может ходить без помощи. Семья всё это время лечила сына на свои средства, брала кредиты и займы. Мальчик наблюдается у лучших врачей Казахстана и принимает противоэпилептические препараты. 7 мая 2026 г. ему провели операцию в Алматы в рамках мастер-класса (тогда лишь взяли гистологию и вскрыли кисту), затем в Астане установили стимулятор блуждающего нерва, но приступы остаются очень тяжёлыми, и врачи говорят, что нужна повторная операция. В период с 30 октября по 3 ноября 2026 года на базе 2 Детской клинической больницы (ДКБ), г.Алматы будет проведен мастер-класс на тему: «Нейрохирургическое лечение опухолей головного мозга». Оперирующий доктор - профессор, заведующий отделением детской нейрохирургии университетской клиники Шарите, г. Берлин, Германия - Ульрих-Вилгельм Томале. Вы можете помочь Әзіретсұлтану, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь". 

Ориентировочная стоимость 1-го этапа операции: 7 561 950 тенге

Ориентировочная стоимость 2-го этапа операции:  2 981 220 тенге

* 400 000 тенге на оплату 1-й операции операции Әзіретсұлтана перечислил частный спонсор, пожелавший остаться неизвестным. Выражаем благодарность! 

* В рамках оказания благотворительной помощи клиентами Евразийского банка собранная сумма 2 954 281, 87 тенге за период март 2026 г. направлена на оплату 1-й операции Әзіретсұлтана. Выражаем благодарность!