
Обращение:
Біз, Аманқосұлы Ахмадтың ата-анасы, сіздерден көмек сұраймыз. Ұлымыз Аманқосұлы Ахмад, 30.10.2024 жылы туған. Туғаннан бастап баламыздың дыбысқа, дауысқа реакция бермейтінін байқадық. Дереу дәрігерлерге қаралып, қажетті тексерулерден өттік. Нәтижесінде оған екі жақты IV дәрежелі нейросенсорлы кереңдік (есту қабілетінің ауыр бұзылысы) диагнозы қойылды. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша баламыздың есту қабілетін қалпына келтірудің жалғыз жолы – екі жақты кохлеарлы имплантация. Алдағы уақытта Атырау қаласында өтетін шеберлік сабағы аясында операция жасау жоспарланып отыр. Біздің отбасымыз көпбалалы. Алты баланы тәрбиелеп отырмыз. Қазіргі таңда жалдамалы пәтерде тұрамыз, өз баспанамыз жоқ. Баламыздың әкесі III топтағы мүгедектігі бар. Соған қарамастан, ұлымыздың емін уақытында алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеміз. Біз үшін ең үлкен арман – баламыздың алғаш рет біздің дауысымызды естіп, «ана», «әке» деген сөздерді естуі және болашақта өзі де сөйлей алуы. Әрбір ата-ана сияқты біз де баламыздың дені сау болып өскенін қалаймыз. Осыған байланысты мейірімді жандардан қолдау көрсетулеріңізді шын жүректен сұраймыз. Сіздердің көмектеріңіз баламызға дыбыстар әлемін естуге, толыққанды өмір сүруге үлкен мүмкіндік береді. Алдын ала қолдау көрсететін барлық жанға шынайы алғысымызды білдіреміз. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын! Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен Сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.
Балмұханбетова Асия
С рождения родители заметили отсутствие реакции Ахмада на звуки и голос. После комплексного обследования ему был установлен диагноз: двусторонняя нейросенсорная тугоухость IV степени. По заключению специалистов единственным эффективным методом восстановления слуха является двусторонняя кохлеарная имплантация. В настоящее время Ахмаду рекомендовано проведение операции в рамках мастер-класса в г. Атырау. В период с 7 по 8 августа 2026 года, на базе Атырауской областной детской больницы, г. Атырау будет проведен мастер-класс на тему: «Отохирургия и кохлеарная имплантация в детской оториноларингологической практике». Приглашенные врачи: Тулепбекова Наиля Маликовна (врач сурдолог – оториноларинголог высший категорий, магистр медицины, заведующая отделом сурдологии ГКБ 5 УОЗ г.Алматы), Ауелбаев Мурат Жаксыбекович (врач – оториноларинголог высшей категории, магистр медицины, заведующий отделением ЛОР 1, ГКБ 5 УОЗ г.Алматы). Своевременное хирургическое лечение позволит Ахмаду обрести слух, освоить речь и полноценно развиваться. Семья является многодетной, воспитывает шестерых детей. Отец ребенка имеет инвалидность III группы. В связи с тяжелым материальным положением семья не имеет возможности самостоятельно оплатить необходимые расходы, связанные с лечением, и нуждается в благотворительной помощи. Вы можете помочь Ахмаду, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".