
Обращение:
Біз,Нұрбекұлы Рамазанның ата-анасы, сіздерден көмек сұраймыз. Ұлымыз Нұрбекұлы Рамазан, 21.03.2025 жылы тұған. Туғаннан бастап баламыздың дыбысқа, дауысқа реакция бермейтінін байқадық. Дереу дәрігерлерге қаралып, қажетті текскерулерден өттік. Нәтижесінде оған екі жақты IV дәрежелі нейросенсорлы кереңдік (есту қабілетінің ауыр бұзылысы) диагнозы қойылды. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша баламыздың есту қабілетін қалпына келтірудің жалғыз жолы - екі жақты кохлеарлы имплантация. Алдағы уақытта Атырау қаласында өтетін шеберлік сабағы аясында операция жасау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта өз баспанамызда тұрамыз. Ұлымыздың емін уақытында алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Біз үшін ен үлкен арман – баламыздың алғаш рет біздің даусымызды естіп, «ана», «әке» деген сөздерді естуі және болашақта өзі де сөйлей алуы. Әрбір ата-ана сияқты біз де баламыздың дені сау болып өскенін қалаймыз. Осыған байланысты мейірімді жандардан қолдау көрсетулеріңізді шын жүректен сұраймыз. Сіздердің көмектеріңіз баламызға дыбыстар әлемін естуге, толыққанды өмір сүруге үлкен мүмкіндік береді. Алдын ала қолдау көрсететін барлық жанға шынайы алғысымызды білдіреміз. Қайырымдылық көмек іздеу үшін мен сіздерге жіберілген кез келген құжатты, соның ішінде медициналық мәлімдемелер мен фотосуреттерді бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернетте пайдалануға рұқсат беремін.
Кушкенов Нурбек Алибекович
С рождения, у Рамазана, родители заметили отсутствие реакции на звуки и голос. После проведения комплексного обследования ему был установлен диагноз: двусторонняя нейросенсорная тугоухость IV степени. По заключению специалистов единственным эффективным методом восстановления слуха является двусторонняя кохлеарная имплантация. В настоящее время Рамазану рекомендовано проведение операции в рамках мастер-класса в г. Атырау. В период с 7 по 8 августа 2026 года, на базе Атырауской областной детской больницы, г. Атырау будет проведен мастер-класс на тему: «Отохирургия и кохлеарная имплантация в детской оториноларингологической практике». Приглашенные врачи: Тулепбекова Наиля Маликовна (врач сурдолог – оториноларинголог высший категорий, магистр медицины, заведующая отделом сурдологии ГКБ 5 УОЗ г.Алматы), Ауелбаев Мурат Жаксыбекович (врач – оториноларинголог высшей категории, магистр медицины, заведующий отделением ЛОР 1, ГКБ 5 УОЗ г.Алматы). Своевременное хирургическое лечение позволит Рамазану обрести слух, освоить речь и полноценно развиваться. Семья делает все возможное для своевременного лечения ребенка, однако нуждается в благотворительной помощи для оплаты расходов, связанных с проведением операции. Вы можете помочь Рамазану, совершив пожертвование на сайте www.detdom.kz в разделе "хочу помочь".